Біз автокөлік иелерін біріктіреміз

Біз туралы қысқаша

Компания туралы сурет

Неліктен біз
Цифрлық Сервистік кітапша жасадық?

Цифрландыру дәуірінде әлі күнге дейін капоттағы жапсырма немесе қағаз толы папкамен жүру — оғаш емес пе? Майды ауыстырмақ боласыз, ал қай кезде, қандай май құйылғаны есіңізде ме? Немесе көлік сатқанда сатып алушы оның құнын төмен бағалайды, себебі ешқандай дәлеліңіз жоқ. Ал Сіз тек түпнұсқа бөлшектерді пайдаланып, сертификатталған СТО-да жөндеткенсіз! Біз осы мәселені шешу үшін цифрлық Сервистік кітапша жасадық.

Жарнама шығынын қалай инвестицияға айналдыруға болады?

Көп бизнес иелері әлі күнге дейін жарнамаға алдын ала төлейді — «мүмкін нәтиже береді» деп үміттенеді. Бірақ шын мәнінде ешкім нақты жауап бере алмайды: менің бір клиентім қаншаға түсті? Немесе қай арна маған көбірек клиент әкелді? Біз осы сұрақтарға нақты жауап беру үшін, бизнеске тиімді маркетингтік шешімдер ұсынатын экожүйе құрдық.

Біз кімбіз және автокөлік иелері үшін не жасадық?

Нарықты зерттеп, автокөлік иелерінің шешілмеген қажеттіліктерін түсініп, біз олардың барлығын біріктіретін мобильді қосымша жасадық. Онда автосервис қызмет көрсетушілер мен клиенттер бір ортада кездеседі. Қосымшаны жобалау кезінде біз қарапайымдылыққа, ыңғайлылыққа және достық интерфейске басымдық бердік.

copyright белгісі

Барлық құқықтар BusinessVision Company компаниясына тиесілі, e-mail: info@autoservice-online.com