Қалаңыздағы барлық автосервистер каталогы
Мейлі май ауыстыру, жуу не толық жөндеу керек болсын — бәрін бір Қолданбада табасыз.
Енді «бос СТО табу» үшін интернет ақтарудың қажеті жоқ — каталогта дәл қазір қолжетімді сервистерді көресіз. Уақыт, баға, мамандану және рейтинг бойынша сүзгіден өткізіңіз де, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз.
Іздеуге уақыт жоғалтпаңыз — үздіктерді бір жерден табыңыз!
Алғашқы Сервистік кітапша — енді цифрлы форматта
Автокөлігіңіздің жеке кабинетіне деректер енгізіңіз, әрі қарай барлық жөндеу тарихы автоматты түрде сақталады.
Әр автосервис атқарылған жұмыстар мен ауыстырылған бөлшектер туралы мәліметті енгізеді — Сізге ештеңе есте сақтаудың қажеті жоқ.
Енді Сіздің көлігіңіздің де өз мобильді қосымшасы бар!
Толық бақылау автожөндеу процесінде
Біз Сіздің авто жөндеу кезінде уайымдамай, барлығын онлайн көре алуыңыз үшін қам жасадық.
Дефект актілері, әр кезеңнің орындалуы, «жұмыс аяқталды» туралы хабарламалар — бәрі Қолданбада 24/7 қолжетімді.
Істеріңізден алаңдамай, қолыңыздағы қосымшадан барысын бақылаңыз!
Тек адал рейтингтер
Баға тек мәміле жабылғаннан кейін қойылады, бұл сервистер рейтингісінің әділдігіне кепілдік береді.
Сіздің бағалауыңыз — бүкіл жүйенің негізі. Біз Қолданбаны ашық әрі ыңғайлы көмекші етуге ұмтыламыз.
Каталогтың басына шығу үшін тек сапа мен клиент бағасы маңызды.
Ең ыңғайлы сервис — Сіздің телефоныңызда
Жылдам төлемдер, 24/7 бақылау, ыңғайлы іздеу және көлік тарихы — бәрі бір қосымшада.
Көлігіңізді сатсаңыз да, тек май маркасын ұмытсаңыз да — Қолданбаны ашып, Сервистік кітапшаны көрсетсеңіз жеткілікті.
Барлық қызмет — тегін!
Барлық онлайн-платформаларда





